ШҚО Ішкі істер департаменті базасында Жоғары политехникалық колледж студенттері үшін полиция қызметкерлерінің ерлік жолы мен батылдық үлгілерін таныстыруға бағытталған «Ерлік сабағы» өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шара «Заң және Тәртіп» идеологемасы аясында ұйымдастырылды. Спикер ретінде ДП ШҚО музейінің меңгерушісі Бақытгүл Қалиева сөз сөйледі
Кездесу барысында ДП ШҚО музейінің меңгерушісі өңірдегі полицияның даму тарихымен, құқық қорғау жүйесінің қалыптасу кезеңдерімен таныстырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан тұлғалар туралы баяндады. Студенттер музей экспозицияларын аралап, архивтік материалдармен, құжаттық деректермен, түрлі жылдардағы қызметкерлердің формасы мен жабдықтарымен танысты.
Экскурсия студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға, ішкі істер органдарының қоғамдағы рөлін тереңірек түсінуге ықпал етті. Іс-шара жастардың азаматтық жауапкершілігін, заңға деген құрметін қалыптастыру бағытындағы тәрбиелік жұмыстың маңызды бөлігі болды.
Пікірлер