11–18 желтоқсан аралығында ҚР ҰҚК ШҚ ШҚО бойынша департаментінің жауапкершілік учаскесінде шекара кеңістігі шегінде заңсыз іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында «Қалқан-2025» белгіленген режимдерді қамтамасыз ету бойынша шекаралық операциясы жүргізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осы ретте Шемонаиха, Зайсан, Тарбағатай, Күршім, Марқакөл және Қатонқарағай аудандарының бірқатар елді мекенінде көлік қозғалысына шектеулер енгізіледі.
Азаматтар мен БАҚ өкілдеріне тек ресми ақпарат көздеріне сүйену, расталмаған мәліметтер таратпау, жеке басты куәландыратын құжаттарды бірге алып жүру сұралады.
Пікірлер