Олар Қазақстанда "қате жіберілген" аударымдарға байланысты алаяқтық оқиғалар жиілеп кеткенін жасырмайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Ұлттық банктің ресми Telegram арнасы жазды.
– Қаскөйлер шотқа ақша түскені туралы жалған SMS жібереді немесе шынайы түрде аз мөлшерде ақша аударады да, кейін қоңырау шалып, "қателесіп аудардым" деген сылтаумен түскен ақшаны басқа бір үшінші тараптың шотына қайтаруды сұрайды, – деп қатаң ескертті Ұлттық банк қазақстандықтарға.
Ұлттық банк мамандары төмендегілерді қаперге алуды сұрайды:
Ақша қозғалысын тек банк қосымшасынан тексеруді;
Қаражатты кері аудармауды, себебі бұл – алаяқтық схема;
Күдікті SMS-тегі сілтемелерге өтпеуді;
Ұлттық банк қызметкерлері жеке тұлғаларға қоңырау шалмайды және азаматтың жеке мәліметтерін сұрамайды.
- Күмән туған жағдайда банкке немесе полицияға жүгінген дұрыс. ҚҰБ байланыс орталығы: 1477 - деп жазды ресми парақша.
Пікірлер