A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 12:55 0

ШҚО әкімі: Кеше болған жағдай – жемқорлыққа қарсы ұстанымымыздың дәлелі

Бүгін / ШҚО

Бүгін өңір басшысы Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен облыстық мәслихаттың жиырма алтыншы сессиясы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мәслихат отырысында облыс әкімі сыйбалас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл маңызына тоқталды. 
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Заң мен тәртіп – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры» деп әрдайым айтып келеді. Бұл – қоғамдағы тұрақтылықтың, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігінің, еліміздің даму бағытының негізгі. ​Осы қағидатты басшылыққа ала отырып, сіздермен әр бастамамызда заң үстемдігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға міндеттіміз. Кез келген фактілер мұқият қаралып, құзырлы органдарға жолдайтын боламыз. Кеше болған жағдай – біздің жемқорлыққа қарсы ұстанымымыздың дәлелі, – деді Нұрымбет Сақтағанов. 
Естеріңізге сала кетейік, кеше ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Данияр Уахитов өз өтініші бойынша қызметінен босатылды.
Бұл шешім өңір басшысы Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында қабылданды.
– Шнайдер көпіріндегі апаттан кейін облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасы негізінде құқық қорғау органдарының қатысуымен тексеріс жүргізілді. Соның қорытындысында басқарманың бұрынғы басшысы Данияр Уахитовтың заңға қайшы әрекеттері анықталды. Іс бойынша соңғы құқықтық бағаны уәкілетті органдар береді, – делінген ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінде. 

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив