Бұл туралы қордың ұйымдастыруымен өткен пресс-тур барысында белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Даму» қоры шағын және орта бизнеске субсидия мен кепілдік беріп, жеңілдікпен қаржыландырып келеді. Өз кезегінде субсидия несие пайызын азайтуға мүмкіндік береді. Осылайша кәсіпкерлер үнемделген қаражатты бизнесін одан әрі дамытуға жұмсай алады. Несие аларда банк талап еткен кепілмүлік аз болған жағдайда қордың кепілдігі көмектеседі.
Биыл аталған қор тарапынан облыстағы 639 шағын және орта кәсіпкерлік жобаларына жалпы сомасы 26,7 млрд теңгені құрайтын қолдау көрсетілді. Атап айтқанда, субсидиялау бойынша 18,3 млрд теңгеге 395 жоба, кепілдік беру бойынша 8,4 млрд теңгеге 244 жоба, жеңілдетілген несиелеу бойынша 1,4 млрд теңгеге 39 жоба жүзеге асырылды. «Даму» қоры ШҚО бойынша филиалының директоры Медет Ерболұлының сөзінше, облыста осы бір мүмкіндікті пайдаланып, кәсібін дөңгелетіп отырғандар аз емес.
– Өңірде 2010-2023 жылдар аралығында мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлер 9,8 мың жаңа жұмыс орнын ашты. Олар бюджетке 367 млрд теңге салық төледі, - деді ол.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер