A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 13:45 0

ШҚО-да 1500-ден астам жол ережесін бұзу фактісі тіркелді

Бүгін / ШҚО

Өңірде жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жол апатының алдын алу мақсатында «Қауіпті жүргізуші» жедел алдын алу шарасы өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жеті күн ішінде 1500-ден астам жол ережесін бұзу фактісі тіркелді. 

- Оның ішінде жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін өрескел жағдайлар да бар. Көлік құралын масаң күйде басқарған 30 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік құралдарының техникалық жай-күйін, олардың заңды пайдаланылуын бақылау аясында 130 автокөлік пайдаланудан шығарылып, 59 техника арнайы тұрақтарға қойылды, - делінген ресми мәліметте. 

Жедел алдын алу шарасы 14 желтоқсанға дейін жалғасады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив