A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 13:50 0

ШҚО-да жүк көлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды

Бүгін / ШҚО

«Қауіпті жүргізуші» жедел алдын алу шарасы аясында қолға алынған рейд барысында тәртіп сақшылары 22 тоннадан астам дизель отынын тасымалдап бара жатқан SHACMAN SX3000 автокөлік-цистернасын тоқтатты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Көлікті 49 жастағы өңір тұрғыны тізгіндеген. Полицейлер жүргізушінің масаң күйде болуы мүмкін екенін байқап, оны медициналық куәландырудан өтуге міндеттеген.

Алайда ер адам полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындаудан бас тартты.

Жүргізушіге ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны және масаң күйде болғанын анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден жалтарғаны бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. Ол әрі қарай тексеру үшін сотқа жолданды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив