Бүгін 28 ықшамаудандағы жер үйде электр желісі істен шығып, пеш жарылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оқиға орнына қала әкімі Алмат Акышов барып, тиісті тапсырмалар берді. Зардап шеккен отбасыға мемлекет тарапынан уақытша тұрғын үй ұсынылады, ал ықшамауданның электр желісіндегі мәселе 10 күн ішінде толық шешілетін болады.
- Жарылыс кезінде үйде болған адамдар медициналық тексеруден өтті. Зардап шеккендер жоқ. 2017 жылғы туылған қызды дәрігерлер тексерді. Қазір ол ата-анасымен бірге. Жағдай тұрақты бақылауда, - деді қала әкімдігінің өкілдері.
Пікірлер