A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 15:00 0

ШҚО-да биыл 47 сәби өлім-жітімі тіркелді

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаев мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, осы жылдың 10 айында өңірде 47 сәби өлімі тіркелді (2024 жылдың 10 айында – 35 жағдай). 
– Жыл басынан бері 6 296 сәби дүниеге келді. Былтырмен салыстырғанда тірі туған сәбилер саны 732-ге азайды. Өлім-жітімнің негізгі себептері: перинатальды кезеңде пайда болатын жағдайлар (51%), туа біткен даму ақаулары (17%) және тыныс алу органдарының аурулары (12,7%). Бұдан бөлек, 10 айда 25 неонатальды өлім жағдайы тіркелсе, былтыр 19 факті анықталды, – деді Төлеген Жігітаев 
Сондай-ақ биыл 9 бала өлімі тіркелді. Ал аналар арасында өлім-жітім анықталмады. Бұдан бөлек, өңірде психоактивті заттарды тұтыну салдарынан психикалық және мінез-құлық бұзылыстарының аурушаңдығы 37,8%-ға төмендеді. Аймақта АИТВ жұқтыру жағдайы 0,33-ке, B гепатитімен ауыру жағдайы 0,14-ке тең. Қатерлі ісіктердің 36,3%-ы 0–I сатысында анықталуда. Ал туберкулездің аурушаңдығы 110,1%-ға төмендеді.

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив