Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаевтің сөзінше, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында биыл 34 медициналық нысан салынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жыл соңына дейін тағы екеуінің құрылысы аяқталады. Ол үшін жалпы 8 074,8 млн теңге қарастырылған.
– Осы жылы басталған нысандар бойынша жұмыс жалғасады. Олардың қатарында Өскемендегі Гематология орталығы, Риддердегі 200 орынға арналған көпбейінді стационарлық кешен және 500 қабылдау мүмкіндігі бар емхана, ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығы хирургиялық корпусының 1–3 қабаттарын жаңғырту, Өскемендегі Ана мен бала орталығының стационар ғимаратын босану үйі етіп қайта құру және жабдықтау, Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы (Литер А, А2) ғимаратының кейбір бөлмесін қайта жоспарлау және күрделі жөндеу арқылы реанимация бөліміне бейімдеу, Зайсан ауданындағы (Қаратал) және Өскемендегі (Ахмер) дәрігерлік амбулаториялар бар, – деді Төлеген Жігітаев.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер