Белгілі болғандай, биыл өңірдегі 11 денсаулық сақтау нысанын күрделі жөндеуден өткізуге 3,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мамандандырылған медициналық орталығын, Өскемен қалалық №1 емхана ғимаратын, Асубұлақ аулындағы дәрігерлік амбулатория ғимаратын желдеткіш, инженерлік желілер, электрмен жабдықтау үшін 1 045,0 млн теңге бағытталды.
«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 4 нысанды күрделі жөндеуге 1 104,9 млн теңге бөлінді: Тарбағатай ауданына қарасты Тұғыл ауылындағы, Ұлан ауданына қарасты Привольное ауылындағы дәрігерлік амбулатория, Күршім аудандық ауруханасы Б блогының 1-2 қабаты, Тарбағатай аудандық ауруханасының емханасы және су жабдықтау ғимараты.
Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен тағы 7 нысан үшін 1 403,4 млн теңге қарастырылды. Оның ішінде, стационар ғимаратының бөлмелерін безендіру, мамандандырылған медициналық орталығының урологиялық бөлімі, Тарбағатай аудандық ауруханасының инфекциялық бөлімі, Марқақөл ауылындағы аурухана лифтілері, Самар аудандық ауруханасының лифтілері, Зайсан аудандық ауруханасының инфекциялық бөлімі мен мәйітханасы, Глубокое аудандық ауруханасының ғимараты бар.
Қазір тиісті жұмыстар 8 медицналық мекемеде жалғасуда.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер