A+ A A-

talgatzhan 39 Бүгін, 15:20 0

ШҚО ауруханаларына жаңа құрал-жабдықтар жеткізілуде

Бүгін / ШҚО

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшылығы ақпаратынша, өңірдегі көпбейінді ауруханалар 1 576,7 млн теңгеге 34 құрал-жабдықпен қамтамасыз етілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның ішінде сандық маммограф, рентген аппараты, ангиографиялық жүйе, жасанды қан айналым аппараты, компьютерлік томограф, ультрадыбыстық жүйе, наркоздық-тұншығу аппараты, видеоэндоскопиялық жүйе бар. 
– Аудандық ауруханаларды 1 050,6 млн теңгеге 72 құрал-жабдықпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Глубокое ауданына маммограф, рентген аппараты, Ұлан, Шемонаиха, Тарбағатай, Қатонқарағай аудандарына рентген-флюорографиялық аппарат, Үлкен Нарын ауданына рентген-маммографиялық кешен сатып алынды, – деді басқарма басшысы Төлеген Жігітаев.
Ал республикалық бюджет қаражатынан 739,2 млн теңгеге онкологиялық ауруларды емдеуге арналған 9 құрал алынды. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында Алтай ауданаралық ауруханасына бір МРТ аппараты сатып алынды. 
– Облыстық бюджет қаражаты есебінен қалалық №4 аурухананы медициналық газбен қамтитын орталықтандырылған жүйемен жабдықтау жүргізілуде. Облыстық ауруханаға рентген түтігі сатып алынды. Облыстық психикалық денсаулық орталығын газ хроматографымен жабдықтау жөнінде келісімшарт жасалып, 10 дірілдік-акустикалық аппараты сатып алынды. Жедел медициналық көмек станциясын жабдықтау үшін 3 реанимобиль және 36 автокөлікке қаржы бөлінді. Қазір келісімшарттар жасалуда, – деді Төлеген Жігітаев.
Айта кетейік, бүгінде ауруханаларды медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейі 87,5%-ды құрайды.

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив