Бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың жиырма алтыншы сессиясында белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Глубокое ауданына қарасты Карагужиха ауылы мәртебесінен айырылды. Малоубинка ауылдық округіне қарасты елдімекенде 50-ге жуық адам тұрады.
Сондай-ақ Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Шұбарағаш ауылы таратылды. Енді ол Жамбыл ауылының құрамына кіреді.
Үлкен Нарын ауданы Ново-Хайрузовка ауылдық округіне қарасты Құндызды ауылы да таратылды. Облыстық мәслихат шешімімен енді Ново-Хайрузовка ауылына қосылады.
Пікірлер