A+ A A-

talgatzhan 34 Кеше, 17:35 0

Қазақстанда ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді

Бүгін / Республика

Өткен аптада республика бойынша 198 532 ЖРВИ жағдайы тіркелді, бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,7 есе аз, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Ағымдағы эпидемиялық маусым басталғалы бері 2 295 тұмау жағдайы расталды. 2 268 891 адам тұмауға қарсы екпе салдырған, бұл халықтың 11%-ын құрайды.

Дистанциялық оқуға жіберілген оқушылар саны да азаюда. Бүгінгі күнгі жағдай бойынша 269 мектепте 25 850 оқушы қашықтан оқып жүр. Алдыңғы тәулікпен салыстырғанда дистанциядағы балалар саны 73,5%-ға, мектептер саны 40%-ға қысқарған.

Санитарлық қызметтер профилактикалық шараларды сақтаудың маңыздылығын еске салады: ауру адамдармен байланысты шектеу, халық көп жиналатын орындардан аулақ болу, жабық жерде маска пайдалану, үй-жайларды желдетіп тұру, ылғалды тазалау жүргізу және қол гигиенасын сақтау.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив