A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 09:30 0

ШҚО әкімі «Өскемен-1» теміржол вокзалына барды

Бүгін / Өскемен

Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан «Өскемен-1» теміржол вокзалына барды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мердігер мекеме - «Промтехмонтаж» ЖШС.
Жобаға сәйкес вокзалдың санаты жоғарылап, ғимараттың жалпы ауданы 700 шаршы метрден 1800-ден астам шаршы метрге дейін ұлғайтылады.
ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, қазір ғимараттың беларқа мен қаттылық диафрагмасын орнату жұмыстары жүргізілуде. 
10 желтоқсанда 1-ші қабатты қаптау және арматураны байлау басталады. Ал 5 күннен кейін 1-ші қабаттың жабынына бетон қабылдау күтілуде. Келесі күні қабатты газоблоктармен толтыру жұмыстары жүргізілмек. Ал 17 желтоқсаннан бастап 2-ші қабаттағы жұмыстар басталуы тиіс.
- Осы жылдың аяғына дейін екінші қабаттың төбесі жабылады деп күтіліп отыр. Жұмыстың сапалы жүргізілуі жіті бақылауға алынған. Жаяу жүргіншілерге арналған жаңа жерүсті өткелдерін салу үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен келіссөз жүргіземіз, - деді Нұрымбет Сақтағанов.
Айта кетейік, сол жерде жалпы саны 30-дан астам адам және 2 техника жұмыс істеп жатыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив