«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
- 2025 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан аумағы бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілмейді, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетсек, «Қазгидромет» РМК 9 желтоқсанда Қазақстан аумағында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болмайтынын хабарлаған.
Ал 10 желтоқсан күні бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болатыны ескертілді.
Пікірлер