2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік мәні бар аурулар тізімі жаңартылады,деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Жаңартылған тізімге кіретін науқастар мемлекет есебінен тегін медициналық бақылау, дәрі-дәрмек және талдаулар алады.
Жаңа тізімге мыналар кіреді:
Туберкулез;
ВИЧ-инфекция;
созылмалы вирустық гепатиттер мен бауыр циррозы;
қатерлі ісіктер;
психикалық және мінез-құлық бұзылыстары;
алғашқы 6 айдағы миокард инфарктісі;
жүйке жүйесінің дегенеративтік аурулары;
орталық жүйке жүйесінің демиелинизациясы;
сирек кездесетін аурулар;
эпилепсия;
инсульт (1 жылға дейін).
Пікірлер