A+ A A-

talgatzhan 39 Бүгін, 12:30 0

Қазақстанда электронды құжат айналымының бірыңғай стандарты әзірленді

Бүгін / Республика

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құжат айналымының бірыңғай стандартын әзірледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

- Электронды құжат айналымы саласында отандық шешімдер дамыса, елдің цифрлық суверенитетін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқарудың негізгі процестерінің тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік туады. Іскерлік ортаның ашықтығын қамтамасыз етіп, мемлекет, бизнес пен азаматтар арасындағы өзара әрекетте шешуші рөл атқарады, - деп жазылған Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің хабарламасында.

Осыған байланысты келесі шараларды қамтитын бірлескен құжат бекітілді:

жүйелер арасындағы құжат айналымында өзара әрекеттесу принциптерін әзірлеу;

қызмет көрсетушілердің ауысымдылығын қамтамасыз ететін технологиялық стандарттарды енгізу;

жеке ұйымдарға электронды үкімет құжат айналымының шлюзіне қол жеткізу мүмкіндігін беру;

цифрлық деректердің мемлекет меншігінде болуын және технологиялық ашықтық принциптерін заңнамалық деңгейде бекіту.

Бұл – адал бәсекелестікті дамытуға, цифрлық сервистердің тиімділігін арттыруға және отандық IT нарығында инновациялық өсім үшін жағдай жасауға бағытталған. Нәтижесінде IT саласының тұрақты дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді, дейді министрлік.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив