A+ A A-

talgatzhan 42 17-10-2024, 11:51 0

ШҚО-да «Молочный экспресс» сүт компаниясы жұмыс істейді

Бүгін / ШҚО

Аталған кәсіпорынның өңір бойынша 12 сүт қабылдау пункті және 13 мобильді сүт тасымалдаушысы бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Нарықта 10 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан компания сүтті фермадан өндіріске дейін жылдам жеткізуді де басты назарда ұстайды. Ал сүт қабылдау пунктерінде тоңазытқыш камера мен сүт сапасын анықтайтын құрал-жабдықтар бар. 
- 2014 жылдан сүт өнімдерімен айналыса бастадық. Шағын шаруа қожалықтарынан тәулігіне 30 тоннаға дейін сүт жинаймыз. Бір бөлігін зауытқа өткізіп, қалғанынан фермерлік өнімдерді шығарамыз. Бұл – поттентелген жаңа жоба. Соның аясында ірімшік, айран, йогурт сынды тағам түрлерін халыққа ұсынамыз. Тұтынушылар оны қаладағы сауда орталықтарынан сатып ала алады, - дейді компания басшысы Анна Аберле.  
Бүгінгі таңда кәсіпорында 16 адам жұмыс істейді. Сүт тасуға арналған ГАЗ және УАЗ маркалы 13 автокөлік бар. Кәсіпкер жүк автокөлігін сатып алу мақсатында банктен несие алған. Ал «Даму» қоры оның пайыздық мөлшерлемесін судсидиялау арқылы көмек көрсетті. 

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив