Қаладағы 3 шағынауданда орналасқан тұрғын үйдің 3-ші қабатындағы пәтер отқа оранды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ТЖД қызметкерлері баспалдақ алаңы арқылы 5 қабатты тұрғын үй ғимратынан 10 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады. Өрт 6 шаршы метр аумақта дер кезінде сөндірілді.
Қызыл жалынның неден шыққаны анықталуда.
Осы ретте мамандар азаматтарды барынша сақ болуға, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Пікірлер