Облыстық мәслихаттың 26 сессиясында өңірдегі стратегиялық кәсіпорын қауіпсіздігі мен тұрақты жұмысына тікелей қатысты мәселе қаралды. Депутаттар қалада қатты радиоактивті қалдықтарды жою пунктін салуды мақұлдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, Үлбі металлургиялық зауыты аумағындағы пункт шамамен келесі жылдың 1 қазанына дейін толып кетеді.
Өндіріс тоқтамас үшін қолданыстағы пунктті қайта құру туралы шешім қабылданды. Нысан қолданыстағы көму пунктіне жақын орналаспақ. Облыстық мәслихат деңгейіндегі шешімнен кейін құрылыс мәселесі Үкімет деңгейінде қаралатын болады.
Бұл шешім аймақтағы уран өндірісінің үздіксіздігі мен экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат етеді.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер