A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 14:10 0

ШҚО-да полицейлер 150 көлікті қар құрсауынан шығарды

Бүгін / ШҚО

Ауа райының нашарлауынан "Өскемен - Алтай", "Өскемен - Риддер" және "Өскемен - Семей" бағыттар бойынша қозғалыс қиындады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Күн райының қолайсыздығына қарамастан, полицейлер жүргізушілерге қолұшын беріп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Бір күн ішінде қарға батып қалған 10-нан астам жүк көлігі мен жеңіл автокөлікке көмек көрсетілді.
Герасимовка ауылының маңында 150 көліктен құралған колонна қар құрсауында қалды. ШҚО Полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жағдайды дер кезінде бақылауға алып, жүргізушілерге бағыт-бағдар беріп, қауіпті учаскелерден өтуге көмектесті.
Үйлесімді жұмыс нәтижесінде тәртіп сақшылары автокөліктер колоннасын қауіпті аймақтан аман-есен өткізіп, әрі қарай кептеліс пен жол-көлік оқиғаларына жол бермеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив