A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 14:25 0

ШҚО-да жыл соңында көрсеткіштері ең төмен 3 әкімге қатысты шара қолданылмақ

Бүгін / ШҚО

Бүгін өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов қала, аудан әкімдерімен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалу барысы бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, Алтай, Глубокое аудандары мен Риддер қаласында жұмыс қарқыны ең төмендегені байқалып отыр. Сондай-ақ Өскемен қаласы мен Самар, Ұлан аудандарында да кей көрсеткіштер көңіл көншітпейді. Аталған қала, аудандардың әкімдері аймақ басшысына жыл соңына дейін жағдайды ретке келтіру үшін қандай жұмыстар атқарылатынын айтып берді. 
Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде барлық әкімдерге қатаң ескерту жасады. 
- Жыл соңында көрсеткіштері ең төмен 3 әкімге қатысты тиісті шара қолданамыз. Біз облысқа құйылатын инвестиция көлемін арттырып, халықтың тұрмыс сапасын жақсартатын жобаларды көптеп қолға алуымыз керек. Сондықтан жұмысты күшейтіңіздер!, - деді облыс әкімі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив