Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мәліметінше, өңірде жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға 26,1 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәселен, арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтарға 9,9 млрд теңге, еңбек мобильділігі мен мансап орталықтарына 1,1 млрд теңге, мүгедектерді қолдауға 2,4 млрд теңге, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге 1,2 млрд теңге, өнімді жұмыспен қамтуды дамытуға 9,1 млрд теңге қарастырылған.
Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 838,2 млн теңге бөлінбек.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер