Бұл жайында ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрсұлтан Маратов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Келесі жылы дене шынықтыру мен спортқа 17,4 млрд теңге бөлінбек. Осылайша, 38 спорт мектебіне 12,7 млрд теңге, кәсіби спортты дамыту бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 2,5 млрд теңге бағытталады.
– Облыста 2,7 млрд теңгеге 4 спорт нысанын салу жоспарланған. Өскемендегі ипподром құрылысына 500 млн теңге, волейбол орталығына 1 млрд теңге, Риддердегі дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне 981,9 млн теңге, Зайсан ауданына қарасты Сарытерек ауылындағы спорт модуліне 200 млн теңге бөлінеді, – деді Нұрсұлтан Маратов.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер