A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 15:25 0

ШҚО-да жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға 19,8 млрд теңге бөлінеді

Бүгін / ШҚО

ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мәліметінше, келер жылы аймақта сумен жабдықтау және тарту бойынша 4,2 млрд теңгеге 14 жоба іске асырылмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жылумен жабдықтау және газификация жөніндегі 11 жобаға 2,6 млрд теңге қарастырылған. Көмір сатып алу шығындарын субсидиялауға 439,1 млн теңге бөлінеді. 
– Өскеменде 1 млрд теңгеге жалпы ауданы 13,4 мың шаршы метр болатын үш көпқабатты үйдің құрылысын жалғасады. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту мақсатында облыс орталығында 14 жобаны іске асыруға 2,1 млрд теңге қарастырылған. “Бірқабатты Шығыс” бағдарламасы бойынша көпбалалы аналар мен әлеуметтік осал топтарға баспана салуға және сатып алуға 2,7 млрд теңге бөлінеді, – деді ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрсұлтан Маратов.
Бұдан бөлек, өңірдегі жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға 19,8 млрд теңге қарастырылған. 
– Жолдарды жөндеу және күтіп ұстауға 11,7 млрд теңге, әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялауға 3,7 млрд теңге бағытталады, – деді Нұрсұлтан Маратов.
Облыста 3 көлік жобасын іске асыруға 767,6 млн теңге жоспарланған. Оның ішінде Өскемендегі екі жол айрығын салуды жалғастыру, Есенберлин даңғылы бойындағы жерүсті өткелін аяқтау, Риддердегі Тәуелсіздік даңғылы инфрақұрылымын реконструкциялау бар. 

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив