Бұл туралы ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы өкілдері айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, биыл білім беру саласына бюджет қаржысынан 199,9 млрд теңге бөлінбек.
– 347 жалпы білім беретін мектепке 121,6 млрд теңге, 6 дарынды балаларға арналған білім ордасына 3,6 млрд теңге, 8 арнайы коррекциялық мектеп-инернатына 4 млрд теңге, 10 мектепке дейінгі ұйымға 25,7 млрд теңге, 37 колледжге 17,3 млрд теңге, 36 қосымша білім беру ұйымына 5,9 млрд теңге, 3 Балалар үйіне 1,9 млрд теңге, 2 кәмелетке толмағандар орталығына 352,2 млрд теңге бағытталады, – деді басқарма басшысы.
Бұдан бөлек, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ұйымына 317,6 млн теңге, 12 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті мен 1 аутизмге шалдыққан балаларды қолдау орталығына 870,2 млн теңге бөлінеді.
Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға 450 млн теңге бағытталса, 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету үшін 8,5 млрд теңге қарастырылды.
– «Білікті маман» жобасы бойынша 1,4 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат 1271 грантты қамтиды, оның 270-і — сұранысқа ие жаңа мамандықтарға арналған. Білім беру нысандарын ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарына 1 млрд теңге, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында пайдалануға берілетін мектептер шығындарына 1,8 млрд теңге бөлу жоспарланған. Күршім ауылындағы орта мектебінде 134 млн теңгеге спорт залын салу аяқталады. Глубокое ауданындағы Опытное поле ауылына және Белоусовка кентіне мектеп жолдарын салуға 626 млн теңге бөлінбек, – деді Нұрсұлтан Маратов.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер