Бұл туралы ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрсұлтан Маратов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның сөзінше, мал шаруашылығына 4,8 млрд теңге, өсімдік шаруашылығына 4,2 млрд теңге, инвест субсидиялауға 9 млрд теңге, ал қайта өңдеуге 572 млн теңге бағытталмақ.
- Эпидемияға қарсы шараларға 2,1 млрд теңге, вакцинация препараттары мен ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру атрибуттарын сатып алуға 53,4 млн теңге бөлінеді, - деді Нұрсұлтан Маратов.
Бұдан бөлек, 25 мал қорымы, 32 ветериналық пункт, 3 ветеринарлық станция алу үшін бюджеттен 1,7 млрд теңге қарастырылады. Ал ветеринарлық қызметке деп сатып алынған көліктер мен арнайы жабдықтарды лизингтік қаржыландыруға 581,3 млн теңге бөлінеді.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер