Белгілі болғандай, аталған қаржы 2026 жылы бөлінеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрсұлтан Маратовтың сөзінше, 13 орман шаруашылығын және жедел әрекет ету отрядын ұстау шығындарына 9,2 млрд теңге бағытталады.
– Табиғатты қорғау саласында жұмыс істейтіндердің жалақасы үшін 3,2 млрд теңге, орманды қалпына келтіруге 601,7 млн теңге, орман шаруашылығы кәсіпорындары үшін киім сатып алуға 20,3 млн теңге, орман өрт сөндіру станциясы қызметкерлеріне 100% төлемге 197,6 млн теңге бөлінеді. Лизингтік қаржыландыру арқылы 4 млрд теңгеге 122 арнайы техника сатып алынады, – деді ол.
Сондай-ақ балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында инвестициялық жобаларға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеуге 499 млн теңге, өнімділікті арттыруға 188,9 млн теңге қарастырылған. 34 су шаруашылығы нысанының жұмысын қамтамасыз ету үшін 268,4 млн теңге бөлінеді.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер