A+ A A-

talgatzhan 33 Кеше, 09:00 0

Алдағы күндері жел күшейіп, қарлы боран соғады

Бүгін / Республика

«Қазгидромет» РМК алдағы тәулікте жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ болатынын ескертті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

— Алдағы тәуліктерде солтүстік антициклонының ықпалы әлсірей бастайды, және республиканың аумағына Атлантикалық циклон жылжи бастайды. Ол тұрақсыз ауа райын алып келеді: жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ, ал солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда қарлы боран мен қар жауып, боран күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, түнгі және таңғы сағаттарда тұман сақталады, — делінген хабарламада.

Синоптиктер температуралық фон да өзгеретінін болжайды. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде температура 5–15 градус аязға дейін көтеріледі, күндіз 0–5 градус аяз күтіледі. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде 0–5 градус аяз, күндіз 0–8 градус жылы ауа райы болжанады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив