A+ A A-

talgatzhan 37 Кеше, 15:00 0

Қазақстан халқы жерлеу рәсіміне 4,4 млрд теңге жұмсаған

Бүгін / Республика

Осы жылдың 9 айында қазақстандықтар өлім-жітім рәсіміне 4,4 млрд теңге жұмсаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қазақстандықтар жерлеу рәсіміне 4,4 млрд теңге жұмсапты. Ауылда да жерлеу рәсіміне аз ақша жұмсалмайды: 296,3 млн теңге, оның 254,9 млн – халықтың жеке қаражаты.

2025 жылдың қаңтар-қараша айларында ритуалдық қызметтердің бағасы 12 облыста қымбаттаған. Ең жоғары өсім Қарағанды облысында – 20%, Батыс Қазақстан облысында – 11,4%, Ақтөбе облысында – 11,1%.

Қазақстан – көпұлтты ел, діни рәсімдер әр түрлі. Бұл жерлеу құнына тікелей әсер етеді. Өлім-жітім рәсімдері үлкен қалаларда қымбатқа түседі. Қазақстанда жерлеудің ең төмен құны өңірлерде – 45-65 мың теңге, ірі қалаларда – 65-158 мың теңге. Бұл саладағы қызметте де “премиум” деген түсінік бар – 400-800 мың теңгеден жоғары.

Қараша айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ас берудің ортақ мәзірін әзірлеген. 6 астан тұратын дастарханға нан өнімдерінен бауырсақ пен шелпек, шәй мен су, ыстық тағамнан ет немесе күрішті, яғни палауды таңдауға болады.

- Сондай-ақ, тізімде сары май, тары, талқан, қант пен кәмпит бар. Бұл өнімдердің бағасы шамамен бір адамға 8500 теңге, – деп жазады басылым.

Мемлекеттік төлемге келсек, зейнеткерлер мен кейбір жәрдемақы алушыларға – 35 АЕК (137 620 тг), БЖЗҚ-да жинағы бар тұлғаларға өз жинағынан – 94 АЕК (369 608 тг) тиесілі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив