10 желтоқсанда "Алматы-Өскемен" тасжолының 462-ші шақырымында екі көліктің соқтығысуынан жол апаты болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алдын ала мәліметтер бойынша, KIA жүргізушісі ауа райының күрт нашарлауынан тас жолда келе жатып, қарсы бағыттағы Toyota көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында төрт адам ажал құшты. Тағы төрт жолаушы әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша, қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Пікірлер