A+ A A-

talgatzhan 40 17-10-2024, 13:07 0

ШҚО журналистері өрт сөндірушілердің қызметімен танысты

Бүгін / ШҚО

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Құтқарушылар күні қарсаңында №8 өрт сөндіру бөлімшесінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне пресс-тур ұйымдастырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Тілшілер өрт сөндірушілердің бір күндік жұмысымен танысып, түрлі кедергілерден өтті. Арнайы киім киіп, алапат өрт, жер сілкінісі, биіктіктегі апатты үй мен су тасқыны қаупі бар аймақтардан репортаж жасады. Осылайша журналистер төтенше жағдай кезінде жедел хабар таратудың қыр-сырын меңгерді.
- №8 өрт сөндіру бөлімшесі - қаладағы алдыңғы қатарлы жасақтардың бірі. Әсіресе, жаз кезінде 10-15 рет шақырту түседі. Базада түрлі жаттығулардан өтіп, өрт кезіндегі қауіпсіздік шараларын ескереді. Ал журналистер төтенше жағдайда тез әрекет етіп, нақты ақпарат жеткізудің қаншалықты қиын екеніне көз жеткізді, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Марина Лискова. 

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив