Ресми ақпаратқа сүйенсек, аудан өнеркәсібінің 37,3%-ын (256,9 млн теңге) өңдеу өнеркәсібі құрайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ауданда жалпы ауданы 199,9 га аумақта кең таралған пайдалы қазбалар мен қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша 4 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген.
Биыл ауданда құны 1,4 млрд теңге болатын асфальт-бетон зауытының («Элхон» ЖШС) құрылысы аяқталды. Қазір жабдықтар орнатылып, зауыт өз жұмысын бастады.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер