A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 10:50 0

ШҚО-да ауыл тұрғынынан 2 келіден астам марихуана тәркіленді

Бүгін / ШҚО

Күршім ауданында малды қараусыз жайғаны үшін жауапқа тарту мақсатында ауылдың 52 жастағы тұрғынына келген учаскелік полиция инспекторы оның есірткі қолданып отырғанын көрген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жүргізілген тінту барысында полицейлер өзіне тән иісі бар қоңыр түсті ұсақталған өсімдік тектес затты тәркілеген. Сараптама оның жалпы салмағы 2 келіден асатын кептірілген марихуана екенін растады.

Ер адам есірткіні жеке мақсатта пайдалану үшін жинап, сақтағанын түсіндірген. Есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив