Бүгін Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған тіл сайысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шараны ШҚО Мәдениет басқармасының ШҚ Лингвистикалық орталығы өткізді.
- Құрметті тіл жанашырлары, қатысушылар, қазылар алқасы, баршаңызды 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Бүгінгі байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілді дәріптеу, тіл үйренушілердің белсенділігін арттыру, қызметкерлерді ынталандыру және ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау. Қатысушыларға сәттілік тілеймін! - деді ШҚ Лингвистикалық орталығының директоры Әсемгүл Абзалова.
Сайыс төрт кезеңнен тұрды:
1 кезең – Өзін таныстыру. Қатысушыларға 2 минут ішінде өздерін еркін форматта таныстыруға мүмкіндік берілді.
2 кезең – «Сұрақ-жауап». Ақын-жазушылар шығармашылығына қатысты сұрақтар қойылып, қатысушылар білім деңгейін көрсетті.
3 кезең – «Тіл – бәйге». Тәуелсіз Қазақстан тақырыбындағы суреттер бойынша әңгіме құрастыру тапсырылды.
4 кезең – «Тіл – мәдениет». Қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, шығармашылық қабілеттерін танытты.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шара мемлекеттік тілді өркендетуге үлес қосып, қатысушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттырды.
Пікірлер