Өңірде төтенше жағдайлар кезінде алғаш болып көмекке келетіндердің бірі – Апаттар медицинасы орталығының (АМО) дәрігерлері, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Олар жол апаты, өрт, улану сияқты оқиғаларда жедел медициналық көмек көрсетеді. Бүгінде филиалда 10 дәрігер, 14 фельдшер және 1 психолог қызмет атқарады. Биыл мамандар 569 рет шақыртуға шығып, 122 азаматқа жедел көмек көрсеткен. Көп жағдайда күйік, улану және түрлі жарақаттар анықталған.
Айта кетейік, облыс жолдарында арнайы медициналық пункттер жұмыс істейді. Бұл бекеттер апат болған жерге тез жетіп, алғашқы көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, психолог маман да бригадамен бірге шығып, апат кезінде күйзеліске тап болғандарға қолдау көрсетеді.
Пікірлер