Белгілі болғандай, аудандағы барлық 21 ауыл сумен жабдықтауға қосылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Биыл Үлкен Нарын ауылындағы сумен жабдықтау нысандарын қайта құру жұмыстары жалғасуда, оған 2,2 млрд теңге жұмсалды. Жобаны аяқтау үшін қосымша 254,9 млн теңге қажет.
Ал Алтынбел, Үштөбе және Солдатово ауылдарындағы сумен жабдықтау желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды, Жұлдыз ауылында бұл жұмыс жалғасуда. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов аудан басшысына ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасымен бірлесіп, жылдың соңына дейін Жұлдыз ауылындағы сумен жабдықтау желілерін жөндеу жұмыстарын уақтылы және сапалы аяқтауды тапсырды.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер