Қазір ауданда үш қазандық жұмыс істейді. Олар: орталық қазандық, аудандық аурухана мен Аграрлық-техникалық колледжі аумағындағы қазандықтар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жылыту маусымының үздіксіз өтуі үшін былтыр үш қазандық пен жылу желілері 325,3 млн теңгеге ағымдағы жөндеуден өтті.
Ал биыл Үлкен Нарын ауылындағы қазандықтарды жөндеу жұмыстары 181 млн теңгеге аяқталды, көмір сатып алуға 154,9 млн теңге бөлінді.
Пікірлер