A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 15:40 0

Үлкен Нарында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы ашылады

Бүгін / Үлкен Нарын

Бұл туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Үлкен Нарын ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, халықтың сұранысы бойынша ауданда «Қамқорлық» қорының қатысуымен мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оңалту орталығын ашу жоспарлануда.

- Орталық бұл қызметпен Алтай, Катонқарағай және Күршім аудандарын да қамтуға мүмкіндік береді. Балаларға арналған тәуліктік және күндізгі оңалту орталығын ашу үшін аудандық аурухана ғимаратының 1 және 2 қабаты бөлінді. Ғимаратты жөндеуді бюджет қаражаты есебінен жүргізу үшін аудандық аурухананың балансынан аудандық коммуналдық меншікке беру қажет. Осыған байланысты облыстық мемлекеттік сатып алу, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармалары Үлкен Нарын ауданының әкімімен бірлесіп, аудандық ауруханадан аудандық коммуналдық меншікке беру мүмкіндігін қарастыруды, аудандық аурухананы жөндеуді жүргізуді қаржыландыру бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырамын, - деді Нұрымбет Сақтағанов. 

Айта кетейік, былтыр ауданда «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша көпбалалы және әлеуметтік осал санатқа жататын отбасыларға 12 үй сатып алынды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив