A+ A A-

talgatzhan 26 Кеше, 15:50 0

Үлкен Нарын ауданындағы 6 ауылда интернет қосылады

Бүгін / Үлкен Нарын

Ресми ақпаратқа сүйенсек, аудан халқының 95,7%-ы интернетпен қамтамасыз етілген. Дегенмен 468 адам тұратын алты ауылда (Үштөбе, Жұлдыз, Қаражал, Алыбай, Құндызды және Бесүй) байланыс сапасы туралы шағымдар түсуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған ауылдарға қатысты мәселені 2027 жылдың соңына дейін ұлттық «Қолжетімді интернет» жобасы аясында ұялы байланыс операторларымен бірлесіп кезең-кезеңімен шешу жоспарлануда.

- Үштөбе, Жұлдыз, Қаражал, Алыбай, Құндызды және Бесүй ауылдары үшін интернетке қосылудың балама нұсқалары да қарастырылуда. Бұл шаралар әрбір нақты аймақтың ерекшеліктеріне және қолжетімді технологияларға байланысты қабылданады, - деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов. 

Бұдан бөлек, жоғары жылдамдықты ғаламтормен қамтамасыз ету үшін аудандағы сегіз мектепке Starlink жинағы орнатылды.

Жолдардағы қызмет көрсетудің жетіспеушілігін жою үшін Үлкен Нарын ауданындағы республикалық тасжол бойында антенна діңгегі құрылысын салу бойынша оң сараптамалық қорытынды алынды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив