A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 16:20 0

Үлкен Нарында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы келесі жылы аяқталады

Бүгін / Үлкен Нарын

Анықталғандай, былтыр Жұлдыз ауылындағы клуб ғимараты 40,6 млн теңгеге жөнделді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Биыл Үлкен Нарын ауылдық мәдениет үйінің көшпелі іс-шараларын өткізу үшін 27,6 млн теңгеге 2 автокөлік сатып алынды. 

Сонымен қатар Үлкен Нарын ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасуда. 

- Нысанның құрылысы 2021 жылы басталған еді. Алайда 2022 жылы «QazConstructions» ЖШС тарапынан шарттық міндеттемелердің орындалмауына және істің сотта қаралуына байланысты құрылыс тоқтатылды. Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстарының 35%-ы орындалды. Құрылысты аяқтау үшін қыркүйекте ШҚО Құрылыс басқармасы мен «Элхон» ЖШС арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қазір металлоконструкцияны қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Нысанды келесі жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр, - деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив