A+ A A-

talgatzhan 33 15-12-2025, 11:00 0

Жұмыссыз қалған 331 мың қазақстандыққа әлеуметтік төлем тағайындалды

Бүгін / Республика

2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты 331,7 мың адам әлеуметтік төлем алды. Биыл 289,8 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалған. Төлемдердің жалпы сомасы 118,5 млрд теңге болды , деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылған азаматтар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1-6 айға дейін әлеуметтік төлем алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде жүзеге асырылады.

Төлем алу үшін жұмыссыз азаматқа:

eGov.kz порталында авторизациядан өту;
«Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;
Онлайн өтінімді толтырып, ЭЦҚ-мен қол қою қажет.
Тіркелгеннен кейін тұрғылықты жердегі мансап орталығы үш жұмыс күні ішінде жұмыссыз мәртебесін береді. Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да қызметке қол жеткізуге болады.

Еңбек министрлігінің жүйесі төлемді проактивті форматта тағайындауды қамтамасыз етеді: азаматқа SMS-хабарлама жіберіледі, келісімін берген жағдайда төлем автоматты түрде тағайындалады.

МӘСҚ қаражаты жұмыстан шығу себептеріне қарамастан төленеді және жұмыссыз адамды жұмыс іздеу кезеңінде қолдауға бағытталған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив