Қалада жоспарлы қар тазалау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала әкімі Алмат Ақышовтың сөзінше, Өскеменде қалың қар жауғаннан кейін муниципалдық қызметтер көшелер мен жолдар желісін тазалады.
- Сонымен қатар жолды тарылтып, жаяу жүргіншілер үшін қолайсыздықтар тудыратын қар үйінділерін біртіндеп шығаруда. Қардың жиналуы жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін жолдардың тар бөліктеріне ерекше назар аударылды. Жұмыстардың басым бөлігі қиылыстар мен бұрылыстарда, шығу жолдарында, қоғамдық нысандардың жанында және жолдар мен тротуарлар біріктірілген учаскелерде жүргізілуде, - деді қала әкімі Алмат Ақышов.
Қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде, бұл көлік кептелісін азайтып, тұрғындарға үшін де қолайлы.
- Жұмыс қала тұрғындары мен көліктер қозғалысы толық реттелгенше жалғасады, - деп қосты әкім.
Пікірлер