«Рухтастар» республикалық жастар сыйлығында шығысқазақстандық жастар жоғары жетістіктерімен ерекшеленіп, жүлделі номинацияларға ие болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Екатерина Орлова «Жылдың үздік жобасы» номинациясын алды. Бұл марапат - оның қоғамға пайдалы, мазмұнды әрі нәтижелі жобасын жоғары бағалаудың белгісі.
Ерасыл Омарханов «Қайсар» жыл батыры номинациясының иегері атанды. Ол азаматтық белсенділігімен, батыл бастамаларымен және табандылығымен танылды.
Ал «Белсенді рухтас» жыл белсендісі номинациясының иегері Алихан Даутқали жастар арасында белсенді жұмыс жүргізіп, түрлі әлеуметтік және қоғамдық бастамаларға үлес қосты.
Бұл аталымдар – шығыс жастарының ел дамуына қосып жүрген үлесінің, жігері мен жауапкершілігінің айқын көрінісі.
Пікірлер