Тәуелсіздік күні қарсаңында аймақтың денсаулық сақтау жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан медицина қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шара бірқатар маман Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық марапаттарымен наградталды. Салтанатты рәсімді облыс әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар жүргізді.
«Еңбек ардагері» медаліне ие болғандар:
Тоқтамыс Мұхатов - ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығының рентгенологы;
Бәтігүл Сарбасова - амбулаториялық орталықтың жалпы тәжірибе дәрігері.
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталғандар:
Ардақ Жұмажанова - Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының ультрадыбыстық диагностика маманы;
Наталья Журавлева - Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығының трансфузиология бөлімінің меңгерушісі;
Гүлбақыт Ахметова - №2 қалалық емхананың бас медбикесі;
Гүлнәр Нұрпейісова - ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі аймақтық орталығының эпидемиологы;
Татьяна Сергеева - Шығыс Қазақстан облыстық оңалту орталығының кардиологы;
Қанат Қалиева - ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығының дәрігер-статисті.
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісіне ие болғандар:
Қуатжан Әбішов - Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары;
Әлия Қадырбаева - Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығының гинекология бөлімінің меңгерушісі;
Рысалды Андағұлова - №2 қалалық емхананың учаскелік медбикесі;
Салтанат Байдолдин - Ана мен бала орталығының анестезиолог-реаниматологы;
Людмила Ребенкова - ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығының анестезиолог-реаниматологы;
Надира Сламханова - аймақтық бас репродуктивті маман;
Ардақ Төленғұтова - ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы;
Жұлдыз Абулова - аймақтық бас неонатолог;
Гүл Құсайынова - облыстың штаттан тыс бас педиатры.
Сонымен қатар ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мадина Мырзабекова «Денсаулық сақтау саласындағы ерекше жетістіктері үшін» мақтау қағазымен марапаттады.
Пікірлер