"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпаратынша, 18 қазанда облыстың солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Түнде және таңертең өңірдің солтүстік шығысында тұман күтіледі. Өңірдің оңтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с жететін жел соғады.
Осы тұста ШҚО ТЖД мамандары, желдің екпіні кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамауды, автобус аялдамаларының артында, ағаштардың астында тұрмауды ескертеді. Көлік жүргізушілеріне жылдамдықты, ал жаяу жүргіншілерге қауіпсіздікті сақтаған жөн.
Пікірлер