«Заң және тәртіп» идеологемасы аясында ІІМ ҚАЖК ОВ 156/3 мекемесінде Көлік және тіршілік қауіпсіздігі колледжінің студенттері үшін экскурсия өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шараның мақсаты - жастарды құқықтық тәрбиелеу және құқықтық мәдениет деңгейін арттыру.
Экскурсия барысында студенттерге мекеменің негізгі қызмет бағыттары, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ішкі істер органдарының міндеттері таныстырылып, қызмет өткеру шарттары мен талаптары түсіндірілді. Мекеме өкілдері қызметтік тәртіп пен жауапкершілік мәселелеріне тоқталып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Мұндай іс-шараларды өткізу құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жастардың құқықтық санасын нығайтуға, «Заң және тәртіп» қағидаттарын сақтауға бағытталған тұрақты ұстанымдарды қалыптастыруға және студенттердің кәсіби бағдарлануына ықпал етеді.
Пікірлер