A+ A A-

talgatzhan 39 15-12-2025, 16:50 0

ШҚО-да 28 градус аяз болады

Бүгін / ШҚО

Ауқымды циклон Қазақстан Республикасының аумағының басым бөлігінде өз ықпалын сақтайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты қар жауып, бұрқасын болады, ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ болады, таулы аймақтарда бұрқасын болады.

Республика бойынша екпінді жел соғады жылдамдығы 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнгі және таңғы уақытта тұман болжанады.

Температуралық фон да өзгереді: батыс өңірлерде түнде ауа температурасы 10–18 аяздан 3–13 аязға дейін ауытқиды, күндіз 0–15 аяздан 3 аяз – 5 жылуға дейін көтеріледі. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі уақытта температура 7–15 аяздан 12–28 аязға дейін төмендейді, күндіз 5–15 аяздан 8–18 аязға дейін болады.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде 3–11 аяздан 5–20 аязға дейін төмендеп, күндіз 5 аяз – 2 жылудан 1–13 аязға дейін өзгеруі күтіледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив