A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:00 0

Қазақстанда ана мен бала саулығын қолдаудың жаңа тетіктері енгізілді

Бүгін / Республика

2025 жылы Қазақстан ана денсаулығын сақтау жүйесін күшейтіп, әйелдерге арналған профилактикалық және мамандандырылған қызметтердің қолжетімділігін кеңейтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

«Аналар саулығы» бағдарламасы жүктілік басталғанға дейін әйелдерді зерттеп-қарауға және сауықтыруға қолжетімділікті жақсартты. Зерттеудің барлығы 12 түрі бар. Прегравидалдық даярлықпен қамту 23%-ға өсіп, 46,1%-ды құрады. Ерте мерзімде есепке тұрған әйелдердің саны 10%-ға өсті.
«Салауатты Ана» бағдарламасы шалғай және жетуі қиын ауылдарда тұратын, босануы қиын болуы мүмкін жүкті әйелдерді алдын ала емдеу үшін арнайы пансионаттарға орналастыруды көздейді. Қазір 15 облыста пансионаттар ашылды, онда 3 мың жүкті әйел көмек алды.
«Аңсаған сәби» экстракорпоралдық ұрықтандыру бағдарламасы ең сұранысқа ие жобалардың бірі болып қала береді. Жыл сайын ЭКҰ-ға 7 мың квота бөлінеді. Төрт жылдың ішінде 30 мыңнан астам әйел емшарадан өтті, көптен күткен 10 мыңнан астам бала дүниеге келді.
— Жоғары технологиялық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 22 облыстық перинаталдық орталықта жүкті әйелдерді мамандандырылған зерттеп-қарау мен емдеуге жедел жіберу мүмкіндігімен ұрықты қорғау орталықтары құрылды, — делінген хабарламада.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив